Оқиға

Елордада жолай өтіп бара жатқан жігіт Есіл өзеніне секірген әйелді құтқарды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Елордада көпірден Есіл өзеніне секіріп кеткен бойжеткен құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Бұл жайында қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

 

5 маусым сағат 13:46 кезінде 112 шұғыл нөміріне әйел адамның өзіне қол жұмсау үшін Тұран даңғылындағы көпірден Есіл өзеніне секіргені туралы хабарлама келіп түскен.

 

Осы сәтте аталған оқиғаның куәгері, 1987 жылы туған Азамат Қамшыбаев дереу суға секіріп, ес-түссіз жатқан әйел адамды жағаға шығарды.

 

Сол уақытта елордалық өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері, азаматтық қорғау кіші сержанттары Данат Бекмағамбетов пен Мұрат Аманжолов әйелді құтқару үшін көпір арқылы оң жағалауға көмекке келді.

 

Оларға қосылған жедел құтқару жасағының құтқарушылары Амангельдинов Ислямбек, Омаров Мәулен және Култаев Арман бірден алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісті және ұзақ жүрек-өкпе реанимациясынан кейін бірлескен күш-жігермен зардап шеккен әйелдің тынысы мен жүрек соғысын қалпына келтірді.

 

Әйел адам одан әрі медициналық көмек көрсету үшін жедел медициналық қызметке тапсырылды. Құтқарылған әйел №2 көпбейінді қалалық ауруханаға жатқызылды.

 

 




Көрілген: 820    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 02:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31