Елордада жыл басынан бері 25 бала терезеден құлап кеткен

03 тамыз 2021, 12:07

Елордада жыл басынан бері 25 бала терезеден құлап кеткен, оның үшеуі мерт болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Биылғы жылдың 2 тамызында сағат 20:37 кезінде полиция бөлімшесіне Иманбаева көшесінде орналасқан үйдің 8-қабатының терезесінен 4 жасар баланың құлап кеткені туралы хабар келіп түскен.

 

Пәтерде баланың ата-анасы да болғаны анықталды.

 

Терезенің алдында ойнап отырған бала москит торына сүйеніп құлап кеткен . Әкесі қайғылы жағдайды кеш көріп, ештеңе істей алмаған.

 

Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

 

Полиция департаменті ата -аналармен үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізеді және қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді.

 

Балалардың терезеден құлауына байланысты болатын жазатайым оқиғалар әсіресе жазда көбейеді.