Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Елордада көпқабатты тұрғын үйде лифт құлады

02 тамыз 2022, 17:40

Елордада көпқабатты тұрғын үйде лифт құлады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше сағат 10:45-те елордалық құтқарушылар Күйші Дина көшесі бойындағы 31 мекенжайында орналасқан тұрғын үйде лифтінің құлағаны туралы хабарлама бойынша оқиға орнына шыққан.

 

«Құтқарушылар келіп жеткен кезде лифтінің үшінші қабаттан бірінші қабатқа құлағаны анықталды. Құтқарушылар келгенге дейін зардап шеккен екі адам өз бетінше лифтіден шыққан. Зардап шегушілерді медициналық қызмет мамандары тексерді, жағдайлары қанағаттанарлық», - деп атап өтеді департаменттен.