Оқиға

Елордада мектеп жанында ер адам оқушы қызды зорламақ болыпты

  • https://www.belnovosti.by

    https://www.belnovosti.by

Елордадағы №83 мектептің жанында ер адам оқушы қызға шабуыл жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Астана тұрғыны Гүлжазира Балтабаеваның айтуынша, оқиға таңертең сағат он шамасында болған.


"Сағат 10:30-да баламды мектепке алып бардым. Оқу орнының жанында бір топ полицей 15-16 жас шамасындағы қыздан жауап алып жатыр екен. Қыздың аузы қанап кетіпті. Сол жердегі ата-аналардан не болды деп сұрап едім, педофил ұсталғанын айтты", - деді ол Sputnik Қазақстан тілшісіне.


Қалалық білім басқармасы бұл оқиғаны растады. Қазіргі уақытта күдікті ұсталған.


"Оқиға мектептің аумағында болмаған. Ер адам шабуыл жасаған қыз №83 мектепте оқымайды. Бұл мектепке оны құрбысы алып келген. Қызға шабуыл жасады деп күдікке ілінген ер адамды сол білім ордасының шаруашылығына жауап беретін маман көріп қалып, оны ұстап алған. Кейін полицияны шақыртқан. Күдікті ұсталды. Оқиғаның мән-жайын тәртіп сақшылары анықтап жатыр", - деді қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.


Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын, тиісті ақпарат алдағы уақытта жарияланатынын хабарлады.


 




Көрілген: 1030    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.09.2019, 13:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30