Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Елордада өртеніп жатқан лифтіде қалып қойған әйел құтқарылды

27 шілде 2022, 08:19

Нұр-Сұлтан қаласының Айнакөл көшесіндегі үйлердің бірінде жеделсаты өртеніп, ішінде әйел адам қамалып қалған. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

«26 шілдеде сағат 15:20-да елордалық құтқарушылар Айнакөл көшесіндегі үйлердің бірінде жеделсаты өртенгені жөніндегі хабарлама бойынша шақыртуға шықты. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жедел сатыда электр сымдарының қысқа тұйықталғанын анықтаған. 12 және 13 қабат аралығында жеделсатының ішінде 1957 жылы туған әйел адамның қалып қойғаны белгілі болды. Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді жұмыстарының арқасында әйел адам аман-есен жеделсатыдан шығарылып, оған алғашқы көмек көрсетілді. Одан кейін ол медициналық бригадаға тапсырылған», - делінген хабарламада.

 

Осылайша, елордалық №10-ӨСБ өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Жанат Шалтаев пен өрт сөндірушісі Қуат Қазбеков өз жұмыстарын мінсіз атқарып, адам өмірін сақтап қалды.

 

Жедел көрсетілген көмек үшін құтқарылған әйелдің қызы құтқарушыларға өз алғысын білдірді.