Оқиға

Елордада ішімдікке елірген жастар көліктердің төбесінде ойран салған

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Ішімдіктің әсерінен елдің мазасын алып, ауладағы көліктерге зақым келтірген астаналық жастар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Нұр-Сұлтан қаласының сақшылары әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында түнгі сағат 03:30-да Петров көшесіндегі үйдің ауласында жастар төбелес шығарып, кейін олардың бірі тұрақта тұрған автокөліктердің төбесіне шығып, ойран салғанын анықтады.

 

«Тәртіп бұзғандардың бәрі анықталып, полицияға жеткізілді. Олар ұсақ бұзақылық үшін, мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны және түнгі тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бүлінген автокөлік иелері өздеріне келген шығын көлемін анықтап жатыр», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» аудандық полиция бөлімінің бастығы Дастан Қалиев.

 

 




Көрілген: 462    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.04.2021, 17:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30