Оқиға

Елордада такси көлігімен 2 адамды қағып кеткен күдікті бұрын сотталған (видео)

  • https://diapazon.kz/

    https://diapazon.kz/

Нұр-Сұлтанда такси көлігін ұрлап мініп, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен қылмыскер полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«23 жастағы күдікті осыған дейін бірнеше рет сотты болған. 2013 жылы тонау фактісі бойынша, содан кейін ұрлық үшін іс қозғалған. Ал енді 345-бап үшінші тармағы бойынша 5 жылға дейін, сондай-ақ 200-бап аясында 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ескерілген. Жалпы, оның әрекеттеріне қатысты соңғы шешімді сот шығарады», - деді елордалық полиция департаментінің бастығы Ержан Саденов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Айта кетсек, елордада бүгін, 3 желтоқсан күні таңғы сағат 06:52-де «Бизон» дәмханасының маңында белгісіз біреу такси жүргізушісін ұрып-соғып, автокөлігін айдап кеткені туралы мәлімет келіп түскен.

Сағат 06:58-де аталған автокөлік Тәуелсіздік көшесінің бойында жолдан өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Салдарынан 48 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. 2005 жылы туған жасөспірім түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

 24.kz




Көрілген: 363    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.12.2019, 16:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31