Оқиға

Елордада темекі салдарынан тұрғын үйде өрт шықты

  • Елордада темекі салдарынан тұрғын үйде өрт шықты

    Елордада темекі салдарынан тұрғын үйде өрт шықты

Елордада «Алатау» тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

ТЖД мәліметінше, 28 наурызда 23 сағат 33 минутта Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметіне «Алатау» тұрғын үй кешенінің 5-қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Шақырту орнына 6 техника мен 29 жеке құрамнан тұратын өрт сөндіру топтары жедел түрде барды. Өрт сөндірушілердің келуі бойынша пәтер толығымен жалынға оранғаны анықталды. Өрт 00 сағат 15 минутта сөндірілді, 40 ш.м аумағында жиһаздар мен тұрмыстық заттар өртенді, - делінген хабарламада. 
Өрттің шығуының алдын ала себебі: төмен калориялы от көзі, сөндірілмеген темекі. 

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. 

Құрметті азаматтар, Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті  өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тағы да кеңес береді! Тұрмыстық өрттің жиі кездесетін себептерінің бірі - темекі шегу кезінде отқа ұқыпсыз қарау, біз тұрғындарды сақтық пен қырағылыққа шақырамыз, - деді ТЖД.
Еске сала кетейік, өшірілмеген темекі үлкен зиян келтіріп, сонымен бірге өлімге әкелуі мүмкін.


Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

BAQ.KZ




Көрілген: 325    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.03.2021, 10:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31