Оқиға

Елордада тергеу изоляторына алкоголь толтырылған жеміс кіргізбек болған

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Елордалық тергеу изоляторында жедел ақпаратты тексеру аясында ЕЦ-166/1 мекемесіндегі күдіктіге медициналық спирт толтырылған жемістер мен көкөністерді жіберу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Сәлемдемені жеткізуші – Павлодар облысының 1994 жылы туған тұрғынының айтуынша, қызанақ, апельсин және мандаринге 400 грамм медициналық спирт құйылған.

 

Азамат Т.-ға қатысты әкімшілік іс қозғалды, бұл әрекеті үшін ескерту немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

 

ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды жіберу әрекеті бөлімшелерде белгіленген құқықтық тәртіпте, ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінде жауапкершілік белгілеген құқықбұзушылыққа жатады.

 

«Алайда, сотталғандар пайдалануға тыйым салынған заттарды алып кірудің алдын алу үшін сәлемдеме әкелгендермен түсіндіру жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, тыйым салынған заттарды беруге тырысқан, оларға қатысты ҚР ӘҚБК шеңберінде шара қолданылғандар туралы ақпарат жеткізіледі, тыйым салынған заттарды кіргізу тәсілдері де жетіліп келеді. Мекеме аумағына спирттік ішімдіктер, есірткі заттары сынды тыйым салынған заттардың енуі сотталғандардың жаңа қылмыс жасауына және олардың жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзуына әкеп соғуы мүмкін, бұл сотталғанның жағдайын ауырлата түседі», -деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖ департаментінің бастығы Дәулет Рахымбеков.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 1019    Пікірлер: 0

сенбі, 09.10.2021, 18:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31