Оқиға

Елордада ұтыс ойнатамыз деп халықты жинағандарға айыппұл салынды

  • Елордада ұтыс ойнатамыз деп халықты жинағандарға айыппұл салынды

    Елордада ұтыс ойнатамыз деп халықты жинағандарға айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан қаласында көлік ұтысын ойнату үшін шамадан тыс адамдардың жиналуына себеп болған іс-шара ұйымдастырушыларына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Іс-шараны ұйымдастырушылар ҚР ӘҚБтК 434-1 б.1 б. "Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуы" бойынша 20 АЕК айыппұл көлемінде әкімшілік жауапкершілікке, сонымен қатар ЖШС ҚР ӘҚБтК 505-бабы 1-бөлігі "абаттандыру ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Карантин режимін бұзу бойынша жиналған материал ҚР ӘҚБтК 425-бабы 1-бөлігімен жауапкершілікке тарту үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді", - делінген департамент таратқан ақпаратта.

 Еске сала кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай Нұр-Сұлтанда жаңадан гүл сататын дүкеннің ашылуына орай ұйымдастырылған ұтыс халықтың жаппай жиналып, жолдағы ұзын-сонар кептеліске ұласты. Содан соң іс-шараны ұйымдастырушылар полиция бөліміне жеткізілген еді.

Stan.kz




Көрілген: 250    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.02.2021, 15:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30