Оқиға

Елордалық жігіт Сарыағаш шипажайында мойнын тіліп, терезеден секірмек болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Елордадан Түркістан облысына демалуға барған жігіт шипажайлардың бірінің балконынан секіріп кетпек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне сағат шамамен 22:20-да жергілікті шипажай мекемесінің директоры хабарласқан. Ол белгісіз жас жігіт суицидке бармақ болып, балконнан секіруге оқталып тұрғанын айтқан. Ақпарат түсісімен шипажайға учаскелік полиция инспекторлары дереу жеткен.

«Полицейлер төртінші қабаттағы бөлмелердің бірінің балконында өзінің тамағын тіліп жіберген және екі қолына шыны сынықтарын ұстап тұрған жас жігітті көрген. Сондай-ақ ол балконнан секіретінін айта бастаған. Полицейлер уақыт жоғалтпай, шұғыл әрекетке көшкен. Учаскелік полицейлер жігітті сөзге айналдырып тұрғанда, келесі балконнан Сарыағаш АПБ-нің жедел уәкілдері секіріп түсіп, оны құлаудан құтқарып қалды. Оған алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, дәрігерлерді шақыртты», - деді Түркістан облыстық Полиция департаментінен.

Анықталғандай, 19 жастағы жігіт өзіне ем қабылдау үшін анасымен бірге Нұр-Сұлтан қаласынан Сарыағашқа барған. Орналасқан туыстарының үйі шипажайға жақын жерде болған. Кешкісін барлығы ұйықтап қалғанда, ол ешкімге білдіртпестен үйден шығып кеткен. Солай, шипажайға келіп, бос номердің біріне кірген. Бөлмеде алма салатын вазаны сындырып, соның сынықтарымен өз-өзін өлтірмекші болады. Қазір ол ауруханада жатыр.

 




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.12.2019, 17:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31