Оқиға

Енді төсімді жалаңаштап шықпаймын

  • Енді төсімді жалаңаштап шықпаймын

    Енді төсімді жалаңаштап шықпаймын

Астанада өткен сән көрсетілімінде төсін жалаңаштап, басы дауға қалған модель Динагүл Тасова қандай жағдайда подиумға төсін жалаңаштанып шықпайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Динагүлдің сөзінше, ол жастар мәслихатында ол бір жыл депутат болған.


"2018 жылдың басында жастар мәслихатының депутаты болдым. Уақыты бір жылдық болатын, сондықтан мерзімі 31 желтоқсанда аяқталды. Өз мандатымды өте жақсы қорғап шықтым деп айта аламын. Өйткені бұл сала бойынша біраз жұмыс атқарылды. Бірақ, олардың ешқайсысы сән көрсетіліміне қатысы жоқ", — деді модель.

Ол егер ұсыныс түсіп жатса, қайтадан депутат болуға қарсы емес екенін білдірді.


"Егер маған қайтадан жалғастырыңыз десе, онда келісемін. Бірақ подиумға төсімді жалаңаштап шықпаймын. Өзіме осындай шарт қойып отырмын. Бұл мемлекеттік емес, қоғамдық ұйым емес. Дегенмен, маған соңғы кездері жастар сізден үлгі алады, осының бәрі сіз себепші болып жатырсыз деп жиі айтады. Сондықтан осы жағын ескергендіктен, іш киімсіз шықпаймын", — деді Тасова.

Қазір астаналық қыз зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға психологиялық және заңдық тұрғыда көмек көрсететін "Нәзік жүрек" қоғамдық ұйымын ашпақшы.


Еске сала кетейік, атышулы Шырын Нарчаева мен Айжан Байзақоваға қатысты ойын білдірген модель ұлттық киімімен жартылай жалаңаш шығуға ешқашан келіспейтінін айтқан еді.




Көрілген: 586    Пікірлер: 0

сенбі, 26.01.2019, 15:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30