Оқиға

Ер адам 13 жастағы қызды көшеде тепкілеп тастады (видео)

  • https://astanatv.kz/

    https://astanatv.kz/

Павлодарда ер адам көшеде 13 жастағы қыз баланы тепкілеп тастады. Оқиға қаланың орталық көшелерінің бірінде болған.

 

Ер адамның оны қуып барып, құлатып, ұрып, теуіп жатқаны сол маңдағы дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.

 

Алайда, көпшіліктің көзінше жасөспірім соққыға жығылса да, ешкім оған араша болмаған.

 

Ал оқушы қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын бізге телефон арқылы айтып берді.

 

ЗАРДАП ШЕГУШІНІҢ АНАСЫ:

 

-Ол менің қызымды басқа қызбен шатастырып алыпты. Дүкенде 3 қыз тұрған. Қыздардың біреуі онымен сөзге келіп қалып, ер адамға "мал" деп айтқан. Ер адам бұл сөзді менің қызым айтты - деп ойлап қалып, оған тап беріпті. Осы сәтте ол дүкеннен қашып шыққан. Кейін қылмысын жасыру үшін жанағы жігіттің әйелі менің қызыма 2 мың теңге беріпті. Күні бойы күттік. Тіпті, кешірімде сұраған жоқ. Енді тиісті жазасын алуын сұраймын.

 

Аты-жөнін атамауды сұраған қыздың анасы, баласының түрлі дене жарақатын алғанын айтады. Қолы мен аяғы көгеріп, арқасы ауырсынып қалған.

 

Тәртіп сақшылары күдіктіні дереу тапқан. Алайда, ол кінәсін мойындамаудан бас тартқан.

 

Полиция оның қылмысы дәлелденсе, 2 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе 2 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелмек.

 

Әзірге аталған факті бойынша арнайы сараптама жасалып, тексеруге жөнелтілген.

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 681    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 11:43

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30