Оқиға

Ер адам анасына WhatsApp-тан хабарлама жіберіп, отбасылық демалыс шырқын бұзды

  • Ер адам анасына WhatsApp-тан хабарлама жіберіп, отбасылық демалыс шырқын бұзды

    Ер адам анасына WhatsApp-тан хабарлама жіберіп, отбасылық демалыс шырқын бұзды

Елордада тұратын отбасы Шығыс Қазақстанға демалуға барған

Шығыс Қазақстан облысында анасымен сөзге келген 45 жастағы ер адам өзіне қол салмақ болды, деп хабарлайды өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.

27 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласының 66 жастағы тұрғыны Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінің полиция бөлімшесіне ұлының жоғалғанын хабарлады.

Анықталғандай, елордалық әйел отбасымен Бұқтырма су қоймасында орналасқан "Ертегі" демалыс базасына келген.

Демалыс кезінде анасы мен 45 жастағы ұлы арасында жанжал шыққан. Осыдан кейін ер адам көлігіне отырып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Біраз уақыттан соң ол Whatsapp-тан анасына өзіне қол жұмсағалы жатқанын айтып хабарлама жібереді.

Жаңа Бұқтырма кентінің полицейлері ер адамды таудан тапты. Ішімдік ішкен ол өзіне қол салмақ болған.

Ер адам Жаңа Бұқтырма кентінің полиция бөлімшесіне жеткізілді. Тәртіп сақшылары онымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, кейін туыстарына тапсырды.

sputnik.kz




Көрілген: 1504    Пікірлер: 0

жұма, 30.07.2021, 11:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30