Оқиға

«Ер адам баланы ұрламақ болды» - ІІМ желідегі видеоға түсінік берді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Дина Таңсәрі есімді Facebook-қолданушысы 18 мамыр күні Павлодарда ер адам ұл баланы ұрлап кетпек болғаны туралы жазған еді. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Баланы ұрлау фактісі тіркелген жоқ», - деді ведомстводан.

 

Полицияның анықтауынша, 18 мамырда сағат 18.30 шамасында 33 жастағы павлодарлық отбасымен бірге өз көлігімен үйіне қайтып бара жатқан. Донецкая көшесіндегі үйдің ауласында оның қызы өзі күнделікті тамақтандырып, қамқорлық көрсетіп жүрген мысығын көшедегі ұлдардың бірі қабырғаға соққылап жатқанын көрген.

Көзімен көрген жайдан қыз бала қатты шошынып, жылай бастаған. Осы кезде әкесі көлігін тоқтатып, ұл баланы қуып жетіп, оған ескерту жасаған. Үй жануарын бұлай қинауға болмайтынын айтқан. Кейін көлігіне отырып, кетіп қалған.

Болған оқиғаны ұл баланың анасы көріп, полицияға хабар берген.

 

Алайда, тексеру кезінде жасөспірім баланың денесінен ешқандай жарақат анықталмаған. Әйтсе де 33 жастағы ер адамның үстінен Әкімшілік кодекстің 73-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, ол 5 тәулікке қамалды.


 




Көрілген: 586    Пікірлер: 0

жұма, 29.05.2020, 14:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31