Оқиға

Ес-түссіз күйде табылған: Шымкентте Өзбекстанның 4 азаматы көз жұмды

  • Көрнекі фото: NUR.KZ

    Көрнекі фото: NUR.KZ

Шымкент қаласының индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын аумағында тұншықтырғыш газға улану салдарынан төрт адам қайтыс болып, біреуі ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Жедел жәрдем станциясына Қапал батыр көшесінде орналасқан кәсіпорын қызметкерлерінен қоңырау түскен.

 

Тұрғын үй ретінде пайдаланылған контейнерден бес адамның ес-түссіз күйде табылғанын хабарлаған. Оның айтуынша, азаматтардың барлығы да тұншықтырғыш газға уланған.

 

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер реанимациялық шаралар жүргізген. Алайда, уланған бес адамның біреуін ғана аман алып қалған. Қазір ол гипербарикалық оксигенация орталығында емделуде.

 

Алдын ала болжам бойынша, көрші елден келіп кәсіпорында тазалаушы болып жұмыс істейтін азаматтар өздері тұратын контейнерді жылыту үшін пеш қолданған. Олар пешті кәдімгі қоқыс жәшігінің темірінен жасап алған.

 

Қазіргі кезде оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр.  




Көрілген: 386    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 23:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30