"Ешкім байқамаған": Өскеменде төрт жасар бала балабақшадан шығып үйіне келіп қалған

26 мамыр 2022, 22:46

Өскемендегі жеке бақшалардың бірінде төрт жасар бала үйіне өз бетімен кетіп қалған. Балабақшадағылар тәрбиеленушінің кетіп қалғанын мүлдем байқамаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сәбидің анасы бұл оқиға балабақша қызметкерлерінің салғырттығынан болды деп есептейді.

"Балам балабақшадан іш киіммен және жаздың аяқ киіммен шығып кеткен. Барлығы ұйықтап жатқан кезде киініп кетіп қалған. Әртүрлі жағдай болуы мүмкін еді, көлік бар, жаман ниетті адамдар бар. Бір сағаттан кейін мен баламды алу үшін бақшаға келдім. Олар тіпті полицияға да хабарласпаған, маған да хабарласпады", - деп шағымданды баланың анасы.

Өскемен қалалық білім бөлімі бұл деректі растап, оның жеке балабақша екенін де хабарлады.

"Директордан түсіндірме хат сұралды, бұл топтың мұғалімі жұмыстан босатылды", - деп хабарлады білім басқармасында.

Бұл балалар мекемесінің басшылығынан жедел түсініктеме алу мүмкін болмады.