Оқиға

Есік қаласында перзентхана маңынан адам сүйектері шығып жатыр

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында адамның сүйектері табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бұл оқиға жайлы видео әлеуметтік желіге тарады.

 

Бейнежазба авторы Есік қаласындағы перзентхана маңынан адамның сүйектері табылғанын айтады. Видеодан адамның бас сүйегін көруге болады.

 

«Бәлкім бұл жерде қорған болған шығар» деп пікір білдіреді видео авторы.

 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

 

«Сүйектер Есік қаласының жанында орналасқан Бөлек ауылдық округінен табылды. Бұл жер «Ромашка» деп аталатын саяжай. Ол сүйектер ашық-шашық шашылып жатқан жоқ. Жерді қазу барысында шыққан. Дәл осы жерде су құбырын жүргізу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сүйекті тапқан да - сол мекеменің жұмысшылары. Қазір «Алтын адам» мұражайының архиологтары оқиға орнына келді. Сүйектерді жинап, сараптамаға жібереді» деп мәлім етті аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

 

 

 




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.05.2021, 17:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31