Есікті бұзып кірген: Ақтөбеде 28 жастағы әйел құтқарылды

27 шілде 2023, 21:16

Ақтөбеде әйел тұрғын үйдің 5-қабаттағы терезесінен секірмек болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Ақтөбе ТЖД сілтеме жасап жазды.

Оқиға 12-шағынауданда болған. 

 

27 шілдеге қараған түні құтқарушыларға 28 жастағы әйел 5-қабаттағы терезеден секірмек болғаны туралы хабарланған.

 

"Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірге шақырту орнына барды. Олар арнайы құралдың көмегімен есікті бұзып, өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарып қалды", - делінген хабарламада.

 

Еске салайық, бұған дейін СҚО-да полицейлер 20 метр биіктен секірмек болған ер адамды құтқарып қалған болатын.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz