Оқиға

Есілдің суында 40 минут отырып, рекорд орнатқан тұрғынды дәрігерлер алып кеткен

  • Есілдің суында 40 минут отырып, рекорд орнатқан тұрғынды дәрігерлер алып кеткен

    Есілдің суында 40 минут отырып, рекорд орнатқан тұрғынды дәрігерлер алып кеткен

 Қайырбек Аяшев бұған дейін де сақылдаған сары аязда көйлекшең жүріп, жұртты талай таңдай қақтырған еді, – деп жазады «Хабар 24».
Бұл жолы да мамандардың ескертуіне қарамай, тәуекел етіп Есілдің суына түсті.

Сөйтіп, ойықта тапжылмастан 40 минут отырды.

Қайырбек Аяшев суда тапжылмай отыру бойынша жаңа рекорд жасады.

«Судың тепературасы 2-3 градус болып тұр. Мұндай жағдайда адам ағзасы 10-15 минутқа шыдайды. Егер одан асып кетсе өлім қаупін тудыруы мүмкін», – дейді фельдшер Әділбек Жиенбаев.

Ол былтыр да дәл осылай 35 минут бойы мұздай суда отырып, елде рекорд орнатқан. Биыл да алған бетінен қайтпады.

«Судан шыққан кезде оны бірден жылы жерге кіргізуге болмайды. Арты қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін. Сондықтан салқындау жерде 5-10 минуттай ұстау қажет. Артынан кішкене шай беріп, біртіндеп бойын жылыта бастаймыз», - дейді Еркін Әлімжанов.

Ақыры Қайырбек Аяшев суда 40 минут бойы тапжылмастан отырып, жаңа рекорд тіркеді.

Өкінішке қарай, судан шыққан оны бірден денсаулығын тексеруге алып кетті.

Мамандардың айтуынша, кәсіпқой морждардың өзі 5 минуттан артық суға шомылмайды.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Руслан Сатыбалдиев: «Арнайы дайындықсыз қыстың қақ ортасында суға түсе салуға болмайды. Мұның соңы сіңірдің тартылып, дененің жансыздануына әкелуі мүмкін. Жүрекке де үлкен салмақ түседі. Сондықтан кемінде 2-3 апталық дайындық қажет. Ал бір рет ғана түсудің денсаулыққа пайдасынан гөрі зияны көп», – деді.

«Хабар 24».




Көрілген: 824    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.01.2020, 21:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29