Бес қабатты үйдің 3-қабатында газ баллоны жарылып, ас үй өртке оранды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі nege.kz-ке сілтеме жасап.
23 шілдеде Іле ауданының Өтеген батыр ауылында 1988 жылы салынған көппәтерлі бес қабатты үйдің 3-қабатында газ баллонының жарылуы салдарынан 3 шаршы метр аумақта балкон жанып, өрт ас үйге өткен.
Алматы облысының ТЖД күштері мен құралдары дереу орнына жіберілді.
ГТҚҚ буынының көмегімен және құтқару қалпақшасын пайдалану арқылы төртінші және бесінші қабаттардан 5 адам түтін аймағынан құтқарылды.
Тағы 5 адам өздігінен эвакуацияланды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz