Оқиға

Гонконгтегі қақтығыс кезінде Қазақстан азаматы ұсталды

  • Гонконгтегі қақтығыс кезінде Қазақстан азаматы ұсталды

    Гонконгтегі қақтығыс кезінде Қазақстан азаматы ұсталды

Гонконг қаласында наразылар мен полиция арасындағы қақтығыс кезінде Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

 
 
Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте
"Гонконг қаласы полициясының қазақстандық дипломаттарға ұсынған ақпаратына сәйкес, 18 қараша күні наразылық танытушылармен қақтығыс барысында Қазақстан азаматы, Гонконг Баптист университетінің бірінші курс студенті Нүкпи Әбілқайыр ұсталған.
Консул азаматымызға барды, оның денсаулық жай-күйі тұрақты, оң қолының шынтағында ұстау кезінде құлаған сәтте алған аздаған жарақаты бар. Ұсталу жағдайына ешқандай шағымы жоқ", - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, бүгін оның ісіне қатысты алдын ала тыңдау өткен. Қазіргі уақытта Қазақстанның бас консулы бұл істі айрықша бақылауына алып отыр. Дипломаттар да Қазақстан азаматының құқықтарының сақталуын қадағалайды.

"Дегенмен, дипломаттар қылмыстық істер жөніндегі адвокат іздеп жатыр. Атап өтерлігі, соңғы уақытта Гонконгта 4 мыңнан астам адам ұсталды және осыған байланысты адвокаттардың жетіспеушілігі байқалады", - деді министрлік.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Гонконгте жаппай наразылықтар ұйымдастырылып жатыр. Осыған байланысты СІМ қауіпсіздік мақсатында сол елде оқып жатқан қазақстандық студенттерді елге қайтуға шақырған еді.

 




Көрілген: 631    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.11.2019, 23:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31