Оқиға

Грузияда Әсел Айтпаеваны зорлады деген күдіктінің фотосы жарияланды

  • Фото: Pixabay.com

    Фото: Pixabay.com

Грузияның бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан азаматы Әсел Айтпаеваны зорлап, өзін-өзі өлтіру халіне жеткізген күдіктінің суреті пайда болды.

 

Metronone.ge порталының хабарлауынша, 57 жастағы Бесик Тордуа бұған дейін сотты болған.

 

 

 

Айта кетейік, Тбилисиде қайтыс болған қазақ қызының анасы Айсұлу Айтпаева Грузияға барды.

 

"Қызымды өлтіріп, терезеден лақтырып жіберді деп ойлаймын. Ол терезеден өз еркімен секіретіндей бала емес еді. Бес күн бұрын Грузияға келіп, осында жұмыс істей бастады. Бұрын Әсел ұсталған адамды танымайтын. Осы жерде танысып, бірге жұмыс істеуі керек болатын. Менің күйеуім де Грузияға келуі керек еді, бірақ құжаттары дұрыс болмай, келе алмады", - деді Айсұлу Айтпаева.

 

Грузиядағы Formula телеарнасы Айтпаеваның Тбилисидегі таныстарының арасында Мұрад Мейрбегов есімді Қазақстан азаматы бар екенін анықтады. Ол Әсел жұмыс істеген компанияның иесі болған. Қазіргі кезде ол Грузиядан кетіп қалған.

 

Сондай-ақ, телеарнаның хабарлауынша, қызды Грузияға келгеннен кейін Рустави қаласында тұратын туыстары Мейрбеговқа сатып жіберген.

 

Ал Rustavi 2 телеарнасы туыстарымен болған жанжалдан кейін қыз 57 жастағы Тордуаның үйіне көшіп барған дейді.

 

Күдікті ұсталды. Оның кінәсі дәлелденсе, он жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Тергеу жалғасып жатыр.

 

Айта кетейік, 5 мамырда Грузияның астанасы – Тбилиси қаласында Қазақстан азаматы Әсел Айтпаева терезеден секіріп, қайтыс болды.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 2713    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 12:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30