Оқиға

Грузияда жоғалған алматылық бала іздестіріліп жатыр

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Ксения Пилпани 14 жастағы баласын іздеу әлі де жалғасып жатқанын, бірақ әзірге нәтиже жоқ екенін, оның жоғалып кеткені бойынша қылмыстық істің жабылмағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Өткен жазда Грузияда жоғалып кеткен алматылық жасөспірім Илья Пилпанидің анасы құқық қорғау органдары оның қайда екенін әлі анықтай алмағанын айтты. Құтқарушылар көктемге дейін Сванети аймағындағы аудандарда белсенді іздестіру жұмыстарын жүргізді.

 

«Ұлымды мұқият іздеді. Грузияның құтқарушыларына, ІІМ-не ешқандай шағымым жоқ», деді жоғалған жасөспірімнің анасы Ксения Пилпани.

 

Бұған дейін Илья Пилпанидің анасы, баласы ұрланған болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Осыдан кейін оған халықаралық іздеу жарияланды.

 

Ксенияның айтуынша, Грузияның Қылмыстық кодексінің 143-бабы бойынша қылмыстық іс «кәмелетке толмағандарды заңсыз бас бостандығынан айыру» (сондай-ақ кәмелетке толмағандардың саудасы) тергеу жалғасып жатыр, іс әлі жабылған жоқ. Интерполға іздеу жарияланды, бірақ басқа елдерден ақпарат түскен жоқ.

 

Жасөспірімнің ата-анасы Грузияның құқық қорғау органдарымен байланыста.

 

Еске салайық, 13 жастағы Илья Пилпани Грузияда 18 шілдеде таңертең үйден велосипедпен шығып, жоғалып кеткен.

 

Илья Пилпани - Қазақстан азаматы. Ол Алматыдан Местийск ауданында (Сванети аймағы) тұратын әкесінің туыстарына қыста қонаққа барған. Алайда пандемияға байланысты үйіне қайта алмаған.

 

 

 




Көрілген: 379    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.09.2021, 12:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30