Оқиға

Грузияда қазақ қызының өлімі: күдікті өлі күйінде табылды

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

26 жастағы Қазақстан азаматы Әсел Айтпаеваны зорлады деп айыпталған Бесик Тордуа түрмеде өлі табылды, деп хабарлайды Sputnik Грузия "Пирвели" телеарнасына сілтеме жасап.

 

Әсел Айтпаеваның қазасы

 

26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаева Грузиядағы үйінің терезесінің астынан өлі табылды. Бойжеткен ол жаққа көлік сатумен айналысатын автосалонға жұмысқа кеткен. Қайтыс боларының алдында қыз өзін мазақ етіп, қорқытқанын айғақтайтын аудио жіберген.

 

Әсел Грузияға өзінің алыс туысы – немере әпкесінің күйеуі Мұрат Мейірбековтың шақыруымен жұмыс істеуге барған. Ол қыздың өліміне қатысы болды деген күдікпен ұсталды. Сондай-ақ іс бойынша күдіктілердің қатарында Грузия азаматы да бар.

 

Қазақстан Грузияға тергеу тобын жіберді. Кей мәлімет бойынша, Әсел адам саудасының құрбаны болған.

 

Тергеу барысын Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова өз бақылауына алды.

 

 

 

sputnik.kz

 




Көрілген: 568    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.07.2021, 13:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30