Оқиға

Иесін іздеген ит

  • Иесін іздеген ит

    Иесін іздеген ит

Жұрттың ет жүрегін елжіреткен әйгілі жапон итінің хикаясы Қарағандыда қайталанды.

Бұл жолы да қарағандылық «Хатико» иесін іздеп барған. Онда да істі болып, түрмеге түскен иесін іздеген қараусыз ит тергеу изоляторы маңын торуылдаумен болыпты.  Тіпті, ит жүдеп, күйі күн санап нашарлай түскен. Осындағы кинологтер оны сан мәрте қуса да қайта келіп алған. Сөйтіп, олар иттің адалдығына сүйсініп, өз қатарына қабылдауға бел буыпты.

Кинолог Жәнібек Кәртайдың айтуынша, ит &ndash иісшіл. «Есірткі іздеуге үйретіп аламыз. Ит шамамен бір жарым жаста. Әлі жас. Бастысы шыдамдылық керек. Итке де, бізге де. Мына иттің шыдамдылығы бар», - дейді ол.

Тергеу изоляторында 4 кинолог бар. Олар иттің мінезін бақылап, қандай қызметке бейім екенін анықтайды. Мысалы, осындағы күзет қызметі қашқан адамды иісі ар­қылы іздеп, есірткі заттарын таба алады.

Иттің есімі - Верта. Қазір оны іске жұмылдырмас бұрын алдымен  ресми балансқа алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

- Құжаттарын рәсімдеп жатырмыз. Бәрі дұрыс болса, ҚАЖД арқылы балансымызға аламыз.  Кинологтер қазірше өз есебінен барлық егу жұмыстарын жүргізді. Асханадан артық қалған тамақпен тамақтандырып жатырмыз. Бастысы, айтқанға көнеді. Мұндай ит біздің жүйеге таптырмас көмекші, - деді   тергеу изоляторы басшысының орынбасары Есімжан Байтасов.

Назгүл ЕРЖАНҚЫЗЫ

aikyn.kz




Көрілген: 364    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.11.2020, 08:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31