Оқиға

Интернаттағы балалар өлімі: тергеу нәтижесі шықты

  • Фото: © 1tv.kz

    Фото: © 1tv.kz

ШҚО-да Аягөз интернатында қайтыс болған төрт баланың ісіне қатысты ведомствоаралық комиссия тергеуінің нәтижесі жарияданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

ШҚО әкімінің орынбасары Әлишек Мархабат дәрігерлердің шешімін негізге ала отырып, балалардың өліміне қызылшаның қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Бұған дейін балалар қызылшадан қайтыс болды деп жарияланған еді.

 

"Балалар ай бойы әртүрлі уақытта қайтыс болды. Олардың туа біткен аурулары асқынып кеткен. Алғашқы жағдай 2 сәуір күні болды. 2008 жылы туған бала болатын.

 

Екінші жағдай 11 сәуірде болды, 2009 жылы туған бала.

 

Үшінші жағдай 20 сәуірде болды, 2006 жылы туған бала.

 

Төртінші жағдай 29 сәуірде болды, 2012 жылы туған қыз.

 

Дәрігерлердің шығарған қорытындысы бойынша балалардың ауруының асқынуы қызылшаға қатысы жоқ. Бұл туралы тиісті медициналық куәліктер мен актілер бар", - деді ол.

 

Сонымен қатар, ол қайтыс болған төрт баланың ата-анасы бұрын олардан бас тартқаннын атап өтті.

 

Ішкі істер органдары ҚК 317-бабы 4-бөлігіне "Абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соққан медициналық немесе фармацевтикалық мамандардың кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауына" сәйкес өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

 

Сотқа дейінгі тергеу басталды. 




Көрілген: 208    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 16:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31