Оқиға

Интим қызмет көрсетуді талап еткен полицей жұмысынан шығарылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы қалалақ полиция департаментінің қызметкері құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Әлеуметтік желіде Алматы қалалық полиция департаменті қызметкеріне қатысты видео пайда болды. Онда кадрдан тыс сөйлеген бойжеткен «ер адамды өкілеттігін асыра пайдаланды» деп айыптайды.

 

Сондай-ақ, тағы екі ер адам оның боди массажға келгенін, содан кейін интим қызмет талап етіп, қызды зорламақшы болғанын айтады.

 

Полиция қызметкері бәрін жоққа шығарады. Роликтің соңында жанжал басталады. Ақыры полицейдің қызметтік куәлігін видеоға түсіреді.

 

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған оқиғаға қатысты департаменттің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізген.

 

«Бүгін тәртіптік комиссияның шешімімен құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін, «ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» талаптарын сақтамағаны үшін, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР заңының талаптарын бұзғаны үшін Алматы қаласы ПД патрульдік полк қызметкері ішкі істер органдарынан босатылды», - деп хабарлады полициядан.

 

ВИДЕО:  aitube.kz/video




Көрілген: 830    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.05.2020, 20:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30