Оқиға

Израильден жеткізілген сәлемдеме елордадағы елшілік қызметкерлерін әбігерге салды

  • Көрнекі фото.  © https://weburg.net/

    Көрнекі фото. © https://weburg.net/

Тель-Авив қаласынан жеткізілген күмәнді сәлемдеме елордадағы Израиль елшілігінің қызметкерлерін әбігерге салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Пошта арқылы күмәнді белгілері бар екі қапшықтың жеткізілуі фактісі бойынша Израиль Елшілігінен тиісті хабарлама келіп түсті. Аталған сәлемдеме Алматы арқылы Тель-Авив қаласынан жеткізілгені анықталды», - делінген елорда Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.

 

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері елшілік орналасқан аумақтағы «Азия» бизнес орталығын қоршауға алды. Ол жерге Полиция департаментінің тергеу тобы, кинологтар мен қалалық тиісті қызметтер тартылды. Мамандар ғимарат пен сол маңайдағы аумақты тексеріп шықты.

 

«Тексеру барысында полиция қызметкерлері қапшықтарда қауіпті заттар жоқ екенін анықтады, оған тек жеке заттар салынған», - делінген хабарламада.

 




Көрілген: 356    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.09.2020, 17:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31