Оқиға

"Жақсылығы үш еселеніп қайтты". Тауып алған 5 миллионды қайтарған отбасының оқиғасы

  • "Жақсылығы үш еселеніп қайтты". Тауып алған 5 миллионды қайтарған отбасының оқиғасы

 Тауып алған 5 миллион теңгесін қалтаға баспай, иесіне қайтарып берген Түлкібас тумасы Нұрсұлтан Әміровтің жақсылығы алдына үш есе болып қайтты, ол жақында 15,5 миллион теңгенің пәтерін ұтып алды. Нұрсұлтанның жары Алина Tengrinews.kz тілшісіне қалай пәтерлі болғанын айтты. Бақытты отбасының қуанышы жайлы хикаяны ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатқан арнайы жоба аясында әңгімелейміз. Жас отбасының биыл отау құрғанына үш жыл болды. Жақында тұңғыш ұлы Айбарыс дүниеге келген. "2016 жылы отбасы құрдық. Сол жылы күйеуімді Петропавлда оқуын бітірген соң елордаға Ұлттық ұланға жұмысқа жіберді. Қазір ол - аға лейтенант. Келесі жылы мен де университетімді тәмамдадым. Өзім отбасы дәрігерімін. Көшіп келгелі Нұр-Сұлтанда пәтер жалдап тұрғанбыз", - дейді Алина.



Нұр-Сұлтанда жас отбасы қызық оқиғаға тап болған. 2017 жылы EXPO халықаралық көрмесі кезінде 5573 әскери бөлімінің жасағы әмиян тауып алған. Сол кезде бұл жасақтың кезекшісі лейтенант Нұрсұлтан Әміров болған екен. Әміров көп ойланбастан, ішінде 20-25 дана еуро купюрасын, шамамен, 5 миллион теңгесі бар әмиянды ІІД қызметкеріне апарып берген. Осылайша, арнайы жасақтың арқасында қыруар сомасы бар әмиянның иесі табылған. Сол үшін Әміров бастаған ұландықтар марапатқа ие болған.



Нұрсұлтанның адалдығы кейін өзіне үш есе қайырыммен келді. Жары Алинаның айтуынша, биыл отбасы арнайы ұтысқа қатысып, 15,5 миллион теңге тұратын пәтер кілтін алған. "Адалдықтың арқаны ұзын" дейді емес пе, биыл, міне, қуанышымызға орай пәтерлі болдық, ұлымыз да дүниеге келді. Мұның алдында екі ұтысқа қатысқанмын. Амал не, олжалы болмадым. Бұрыннан бақылап жүретін бір адам бар, сол байқау жариялады. Өзі қайырымдылықпен айналысқан соң, берген ақшам жақсылыққа, балалардың еміне кетсін дедім, ол кезде жүкті болғанмын. Перзентханадан шығып, баланың қамымен жүргенде жаңа пәтерге ие болдың деген хабар келді. Үсті-үстіне қуаныш болды ғой бұл. Ұтысқа қатысқанымды мүлде ұмытып кетіппін, бірдеңе жеңемін деп те ойламаппын. Күйеуімнің жақсылығы қайтқан шығар", - дейді Алина. 




Еске салайық, Жұлдыз FM радиосы ұйымдастырған "Бәрі жақсы болады" атты xалықаралық деңгейдегі флешмоб жалғасып жатыр. Арнайы жоба ERG компаниясының қолдауымен жүзеге асып жатыр. Флешмобқа қатысу үшін өмірде болып жатқан кез келген жағымды жаңалықтарды желілерде бөлісіп отыру керек. Мәселен, баланың дүниеге келуі, үйдің салынуы, жаңа көлік сатып алу, сүйікті актеріңіз ойнайтын жаңа фильмнің шығуы не болмаса жақын адамыңызбен кездесудің өзі жобаның негізгі арқауы. ERG компаниясымен бірге "Талантты балалар", "Жеңімпаздар", "Батырлар арамызда" арнайы жобалары қолға алынған.


 Tengrinews.kz

 




Көрілген: 3853    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.07.2019, 16:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31