Оқиға

"Жақсылық Омар-ең үздік әкім": Желіде Өскемен әкімінің суретін сүйген қара нәсілділердің видеосы тарады

  • Видеодан кадр: instagram.com/ztb_video

    Видеодан кадр: instagram.com/ztb_video

Әлеуметтік желіде Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың суретін ұстап билеген қара нәсілді жігіттердің видеосы қызу талқыға түсті. Тіпті, ер адамдардың бірі қазақстандық шенеуніктің қағазға басып шығарылған фотосын сүйіп алған. Бейнежазбаға қатысты қалалық әкімдік пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

"Жақсылық Омар - ең үздік әкім", - дейді видеодағы жігіттер. Осыдан кейін олар Өскемен әкімінің портретін ұстап билеп, суретті сүйіп алады. Видеода қала туралы әннің де дауысы естіледі.

 

Қазнет қолданушылары видеоны бірден талқылауға көшкен. Көпшілігі бұған әзіл ретінде қараған.

 

"Креативті әкім", "Расымен бе, әлде монтаж ба?", "Хайп", "Бұл жігіттердің парақшалары бар ма?", "Қара пиар", "Мына жігіттердің харизмасы керемет екен", "Міне, нағыз хайп", - деп жазуда көпшілік.

 

Видеоға қатысты Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

 

"Жексенбі күні желіден көріп, таңғалдық. Әрине, күлдік. Мұны кімнің қандай мақсатпен жасағыны белгісіз. Кейбіреулер мұны әкімдік істеген деп ойлайды. Алйда біздің бұған еш қатысымыз жоқ. Instagram желісінде "Привет из Африки" деген парақша бар екенін, сол арқылы кез келген адамға қатысты осындай роликті 3500 рубльге (20 мыңнан астам теңгеге) жасатуға болатынын білдік. Әлдекім Өскемен әкімінің видеосын жасауға тапсырыс берген болуы керек. Бізге мақсаты белгісіз. Суретті рұқсатсыз пайдаланғаны үшін сотқа жүгінбейміз. Біреудің қалжыңдағысы келген болуы мүмкін", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

 

 




Көрілген: 1155    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.09.2021, 18:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31