Оқиға

Жалағаштағы тікұшақ апаты: қаза тапқандардың есімдері жарияланды

  • © Sputnik / Игорь Онучин

    © Sputnik / Игорь Онучин

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында құлаған МИ-8 тікұшағының экипаж мүшелерінің есімдері жарияланды.


Әскери көлік Ақтау гарнизонының №30153 авиациялық бөлімшесіне тиесілі болатын, деп жазады lada.kz.


Басылым мәліметіне сүйенсек, қаза тапқандар – экипаж командирі Роман Костыгов, экипаж командирінің көмекшісі, лейтенант А.Б. Айтбаев және борттың техникалық маманы, майор Тимур Құдайбердиев.


Бұдан бөлек, бортта майор Д. Коңырбай, капитан С. Масалим, аға қызметкер М. Шәріпов, кіші сержант А. Абдулманов, аға лейтенант Г. Рақымбаев, ефрейторлар Б. Байбақов, М. Жұматов, А. Әбділдинов, К. Сарқытбаев болған.


Басылым мәліметіне сүйенсек, тікұшақ Ақтаудан жергілікті уақыт бойынша 09.03-те ұшып шығып, Бейнеуге барған, сол жерден 12.36-да Крайний әуежайына аттанады. Ал 17.50-де МИ-8 Шымкентке бағыт алған, 18.30-да Жалағаш елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай он бес километр жерде тікұшақпен байланыс үзілді.


20:00 кезінде оқиға орнына тікұшақ ұшып келді, жақын жердегі 56597 әскери бөлімшеден 30 адам аттанды, деп хабарлайды басылым авиациялық әскери бөлімшеге сілтеме жасап.


Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, 27 наурызда "Алтын жебе" атты арнаулы бөлімдердің оқу-жаттығуы аясында Ақтаудан Шымкентке аттанған тікұшақ Қызылорда облысында кеш құрым, ауа райы қолайсыз шақта апатқа ұшырады.


Қайғылы оқиғаны тергеуді қорғаныс және ішкі істер министрліктері қолға алды.


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.


Sputnik


 




Көрілген: 553    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.03.2019, 09:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31