Оқиға

Жамбыл облысында 14 автокөлік соқтығысты

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

2019 жылдың 8 желтоқсанында сағат 22.00 шамасында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" республикалық маңызы бар тас жолының 239 шақырымында Алматыдан Таразға бет алған "Хонда Одиссей" маркалы автокөлігі кенеттен басты жолға шығып кеткен бір бағыттағы "Камаз" жүк көлігіне соқтығысқан.


Сол мезетте жолда тоқтап тұрған аталмыш "Камазды" осы бағытта келе жатқан екі жолаушылар автобусы келіп соққан.


Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап, тез арада жолаушылардың барлығын өтіп бара жатқан көліктерге салып жіберген, - делінген ведомство хабарламасында.


Автобустың бірінде 26, екіншісінде 20 адам болған. Төрт адам жеңіл жарақаттармен Қордай аудандық ауруханасына қаралып, үйлеріне қайтарылған.


ЖКО бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 2-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.


Сонымен қатар, 9 желтоқсанда сағат 09.30 шамасында "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" республикалық маңызы бар тас жолының 472 шақырымында Байзақ ауданы Ақшолақ ауылы маңында көктайғақ себебінен жол-көлік оқиғасы орын алды. Нәтижесінде бір бағыттағы 14 автокөлік соқтығысқан.


ЖКО салдарынан 2 адам алған жеңіл жарақаттарымен ауруханаға қаралды. Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлерімен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылып, қазіргі уақытта жүргізушілер қозғалысына кедергі жоқ.


Жамбыл облысы Полиция департаментімен "Қазавтожол" жолдарды басқару компаниясына жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қысқы кезеңде облыс тас жолдарында жол кедергілерін болдырмау туралы ұйғарым жіберілген болатын. Аталған компания "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" республикалық маңызы бар тас жолының Жамбыл облысы аумағынан өтетін 450 шақырым жол жағдайына жауапты болып міндеттеледі.


Жоғарыда аталған оқиғалар ауа райының қолайсыздығының (қалың тұман, көктайғақ) салдарынан орын алған. Осыған орай, Жамбыл облысы Полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтауды, жолда аса сақ болуды ескертеді, - деп хабарлады ПД.


Вaq.kz 




Көрілген: 322    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.12.2019, 16:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31