Жамбыл облысында 2 жасар бала пойыздың астына түсіп кетті

05 наурыз 2022, 23:33

Қайғылы оқиға Жамбыл облысындағы Малдыбай станциясында болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап.

Жылжымалы состав өтіп бара жатқан кезде балақай теміржол рельстеріне жүгіріп шыққан екен. Бұл туралы "ҚТЖ" ҰК ресми сайты жазды.

 

Кейін анықталғандай, бүлдіршіннің отбасы темір жолға жақын тұрады екен. Балақай сол маңда үлкендердің қарауынсыз ойнап жүрген. Содан пойыздың астына түсіп, көз жұмды.

 

Қазіргі таңда көліктегі полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 344- бабы 2-бөлігімен іс қозғап, тергеу басталды.