Оқиға

Жамбыл облысында дауылдан қанша адам зардап шеккені белгілі болды

  • https://kaz.tengrinews.kz/

    https://kaz.tengrinews.kz/

Қолайсыз ауа райы салдарынан Жамбыл облысында 49 адам медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Ведомство мәліметінше, Тараз қалалық ауруханасына 41 науқас түскен. Олардың төртеуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары дәрігер тексергеннен кейін үйіне жіберілген.

 

Төрт бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған, оның үшеуі емделуге қалып, біреуі амбулаторлық ем алуға үйіне жіберілді, делінген хабарламада.

 

Медициналық көмек алу үшін Байзақов аудандық ауруханасына да төрт адам жүгінген: біреуі ауруханаға жатқызылды, үшеуі дәрігерлер бақылауымен үйіне шығарылған.

 

"Көмекке жүгінген науқастардың көпшілігінің басы, қолы мен аяғы көгерген. Сонымен қатар терезе мен қоршаулар құлап, салдарынан басқа да жарақат алғандар бар", - деді ведомство өкілдері.

 

Сонымен қатар, кейбір әлеуметтік желі қолданушылары бұрын жарияланбаған кадрларды көрсетті. Олардың бірінде бір топ адам желге қарсы тұра алмай құлап жатқаны түсірілген. Олар болжам бойынша оқушылар болуы мүмкін.

 

 

Ал тағы бір видео авторы көпқабатты үйдегі пәтерін көрсетеді. Оның айтуынша, желдің қатты болғаны соншалық, балконын ұшырып әкеткен.

 

 

Бұған дейін Жамбыл облысының полицейлері тасжолға шығып, боранды видеоға түсіргені хабарланды. Осылайша, тәртіп сақшылары жүргізушілерге аса қажет болмаған жағдайда жолға шықпау туралы ескерту жасаған. Сондай-ақ, Жамбыл облысында жел салдарынан бірнеше елді мекенде газ құбырларына зақым келген еді. Баспасөз қызметі мәліметінше, екпіні күшті жел үйлердің қоршауларын ұшырып, ағаштарды құлатқан. Салдарынан көшедегі газ құбырлары бүлініп, тұрғындарға газ беру уақытша тоқтатылды.

 

 

 

 




Көрілген: 586    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.11.2021, 17:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31