Оқиға

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жамбыл облысындағы тас жолда болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Кадрларда жыраға түскен, кейбірі едәуір зақымданған бірнеше көлік көрінеді. Видео авторы мұнда 200-ге жуық көлік барын, ал апатқа түскендері қозғалысты бәсеңдетіп тұрғанын айтады.


Сондай-ақ, ол жүргізушілер сапарын жалғастыру үшін көліктерді жол жиегіне итергендерін және қалың тұман мен ауа райының қолайсыздығы көлік айдауға кедергі келтіріп тұрғанын баяндады.


Назар аударыңыздар! Видеода былапыт сөздер бар!



Облыстық полиция департаменті өкілдері оқиға 1 ақпанда кешкі сағат 17:10 шамасында Батыс Еуропа - Батыс Қытай тас жолында болғанын растады.


"Жолдың 552-ші шақырымында қалың тұман салдарынан жеті автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Жуалы аудандық орталық ауруханасына бір адам, Тараз қаласындағы №1 қалалық ауруханаға екі адам жеткізілді. Қаза тапқандар жоқ. Тіркелген факті бойынша жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерге қатысты хаттама толтырылды. Барлық жеті автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Сараптама тағайындалып, оқиғаның себептері анықталып жатыр",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.




 




Көрілген: 687    Пікірлер: 0

сенбі, 02.02.2019, 15:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30