Оқиға

Жамбыл облысында жол апатына түскен жүргізуші қолынан айырылды

  • Жамбыл облысында жол апатына түскен жүргізуші қолынан айырылды

    Жамбыл облысында жол апатына түскен жүргізуші қолынан айырылды

Жедел жәрдем көлігі науқасқа көмек көрсету үшін Бесағаш ауылына бара жатқан, алайда сирена мен маяк қоспаған

Жамбыл облысында болған жол апаты салдарынан аурухана түскен егде жастағы жүргізушінің қолына ампутация жасауға тура келді. 

Оқиға 28 шілдеде Тараз – Бесағаш тасжолында болған. Жамбыл облысы полиция департаменті ұсынған мәлімет бойынша, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жол қиылысында бас көшемен келе жатқан Suzuki маркалы көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан екі көлік соқтығысты.

"Жедел жәрдем көлігі Бесағаш ауылына науқасқа көмек көрсету үшін бара жатқан. Алайда ол сирена мен маяк қоспаған. Көлік ішінде 61 жастағы жүргізуші, екі фельдшер, ал Suzuki машинасында 64 жастағы жүргізуші болған", - деп түсіндірді полицияда.

Жеңіл көлік жүргізушісі №1 Тараз қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізіліп, қолына ампутация жасалды. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары да түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға түсті.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345- бабының 2-бөлігі ("Көлікті басқаратын адамның жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан адам денсаулығына ауыр зиян келтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Бірқатар сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

sputnik.kz




Көрілген: 635    Пікірлер: 0

жұма, 30.07.2021, 09:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30