Оқиға

Жамбыл облысында Мамин мен Сапарбаев мінген тікұшақ шұғыл қонды

  • Фото: Facebook/Denis Krivosheyev

    Фото: Facebook/Denis Krivosheyev

Кеше, 14 маусым күні Жамбыл облысында премьер-министр Асқар Мамин мен аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев мінген тікұшақ шұғыл түрде қонды деген ақпарат пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ .

 

Журналистің ақпарынша, тікұшақ Тараздан 150-ден астам шақырым жердегі Тасөткел ауданында қонған.

Аталған Ми-171 тікұшағының "Казавиаспас" әуе компаниясына тиесілі екені айтылды.

 

Өз дереккөздеріне сілтеме жасаған журналист әуе кемесінің гидрожүйесі істен шыққанын атап өтті. Ұшқыштар нұсқаулықта көрсетілгендей, резервтік жүйеге көшіп, жұғыл түрде жерге қонды деп жазды Кривошеев.

 

Оның мәліметінше, тікұшақ бортында үкімет басшысы Асқар Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев болған. Журналист оларды басқа тікұшақ алып кеткенін жеткізді.

 

Өз жазбасында Кривошеев аталған оқиғаны арнайы комиссия тергейтінін мәлім етті. Айтуынша, бұл жағдайға Қазақстанның мемлекеттік күзет қызметі де назар аудармақ.

 

NUR.KZ редакциясы болған жайтқа қатысты ресми пікір алу үшін азаматтық авиация комитетіне жүгінді.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталғаннан кейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзін-өзі оқшаулағанын жазғанбыз.

 

 




Көрілген: 632    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.06.2020, 14:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31