Оқиға

Жамбыл облысында рельстен шыққан вагондар өртеніп кетті

  • Жамбыл облысында рельстен шыққан вагондар өртеніп кетті

    Жамбыл облысында рельстен шыққан вагондар өртеніп кетті

Жамбыл облысының Шу ауданындағы Шоқпар станциясында түнгі сағат екі шамасында Алматы – Ақтоғай жүк пойызының екі вагоны рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Оның бірі – платформа үстіне қойылған контейнер болса, екіншісі – жанармай құйылған 60 тонналық цистерна.

"Құлаған цистернадағы жанармайдың жартысы төгіліп, 600 шаршы метр аумақта өрт шықты. 75 метр шойын жолға зақым келді", - делінген төтенше жағдайлар жөніндегі комитет хабарламасында.

Өрт салдарынан Шу, Алайғыр және Еспе теміржол станциясында 10 жолаушы пойызы тоқтатылды.

"Қазақстан темір жолы" компаниясының құрылымдық күштерінің көмегімен 10 жеке тұрғын үй секторының 42 тұрғыны эвакуацияланып, олар Шокпар ауылындағы туыстарының үйіне орналастырылды.

Шу станциясындағы өрт сөндіру пойызы тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылдырылып, өрт таңғы алтыда толық сөндірілді.

 

 




Көрілген: 214    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.06.2020, 11:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31