Оқиға

Жамбыл облысында үш өрт сөндіруші жоғалып кетті

  • Жамбыл облысында үш өрт сөндіруші жоғалып кетті

    Жамбыл облысында үш өрт сөндіруші жоғалып кетті

Жамбыл облысында туыстары өрт сөндіруге кетіп, сол күйі оралмаған әскери қызметкер Бауыржан Дәуітбаевты іздестіруде. Бұған қоса, әлеуметтік желіде тағы жоғалып кеткен екі өрт сөндірушінің суреті таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бауыржан Дәуітбаевтың қарындасының сөзінше, ер азамат бір күннен бері байланысқа шықпай жатыр. Оның артында әйелі мен төрт баласы қалған. Ең кішісінің жасы бесте көрінеді. 

 “Кеше біз оның үйіне қонаққа келгенбіз, сөйтсек ол өрт сөндіруге кетіп қалыпты. Сол кеткелі оралмады. Телефоны сөндірулі. Әйелінің айтуынша, ағамды кешкі сағат 6-7 шамасында шақыртып алған”, – дейді жоғалып кеткен құтқарушының қарындасы Айкен Жайылғанова.

Әлеуметтік желіде тағы екі өрт сөндіруші – Әліби Бексұлтанұлы мен Әділет Әділбековтың суреттері таралды. Желідегі жазбаға сәйкес, олар да тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылыдырлыған. Алайда өрт сөндірушілерден сол күйі хабар жоқ. 

Айта кетсек, Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыс салдарынан 12 адам қаза тапты. 

Stan.kz




Көрілген: 976    Пікірлер: 0

сенбі, 28.08.2021, 00:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31