Оқиға

Жамбыл облысындағы бес баланың қазасы: өрттің алдын ала себебі аталды

  • https://kaz.tengrinews.kz/

    https://kaz.tengrinews.kz/

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында бес бала қаза тапқан өрттің алдын ала себептері айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

 

Алдын ала мәліметтер бойынша, Жаңатастағы тұрғын үйдегі пәтердегі өрт оқиғасы тез тұтанғыш материалдың бетіне от түсуі салдарынан туындаған.

 

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз брифингінде Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақыт Ратаев хабарлады.

 

"Өрт дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-сараптама орталығы мамандарының алдын-ала мәліметтері бойынша, өлім улы газдан уланудан, ал өрттің ашық от көзі тұтанғыш материалдың, яғни төсек-орын жабындарының бетіне тигенінен болған. Өрттің қорытынды себептері барлық қажетті сараптамалардың нәтижелері бойынша жарияланатын болады", - дейді Ратаев.

 

Өз кезегінде ТЖ департаментінің бастығы Ермек Момбаев өрт-техникалық зертхананы зерттеудің алдын ала деректерін жариялады.

 

"Өрт бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы үш бөлмелі пәтерде орын алды. От балалар бөлмесінде тұтанған. Жалын 16 шаршы метр аумақты қамтыды. Жылжымалы өрт-техникалық зертханамен зерттеу жүргізу кезінде оқиға орнында жанған сымдар мен электр жабдықтары, пеш немесе басқа да қосымша жылыту құралдары табылмады, үй орталық жылытуға қосылған", - деп атап өтті ТЖД басшысы.

 

Арнайы комиссияның төрағасы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек зардап шеккен отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.

 

"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің өкімімен комиссия құрылды, оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, полиция департаментінің, ТЖ департаментінің және басқа да жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері енді. Кеше комиссия мүшелері қайғылы оқиға орнына барып, жұмыс жүргізуде. Біздің тарапымыздан барлық қажетті көмек көрсетіледі, соның ішінде психологиялық көмекті және жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қол ұшын береміз", - деп Ұлан Жазылбек зардап шеккен отбасына көңіл айтты.

 

Оның айтуынша, отбасы толыққанды, отағасы мекемеде жұмыс істейді, анасы декреттік демалыста (мектепте мұғалім).

 

Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерде өрттен зардап шеккен 60 жастағы әйел туралы қауесеттерді жоққа шығарды.

 

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Басқа зардап шеккендер жоқ", - деп атап өтті Ұ. Жазылбек.

 

ІІД өкілі сараптама нәтижесі шыққаннан кейін өрт себептерін айтуға уәде берді.

 

 

 

 




Көрілген: 860    Пікірлер: 0

сенбі, 20.02.2021, 13:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30