Оқиға

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде дәмханада отырған әйел оқиға туралы айтып берді

  • Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде дәмханада отырған әйел оқиға туралы айтып берді

    Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде дәмханада отырған әйел оқиға туралы айтып берді

Жамбыл облысында жарылыс орын алған сәтте дәмханада жарақат алған әйел жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Еске салсақ, бұған дейін жарылыс болған уақыт түсірілген видео әлеуметтік желіде таралған болатын. Бейнежазбадан жарылыс екпіні дәмханада тұрған әйелді бірнеше метрге ұшырып жібергенін байқауға болады. 

 
Зардап шеккен тұрғынның сөзінше, ол тамақтануға бара жатқанда өртті байқаған. 

“Көлікпен келе жатқанда қара түтінді көрдім, ол кезде шөп өртеніп жатыр деп ойладым, мұнда әскери қойма бар екенін де білмеппін. Тамаққа тапсырыс бергенбіз, бір кезде жарылыстың дауысы естілді. Орнымнан тұрып, терезеге жақындай бергенімде жарылыс екпіні ұшырып әкетті. Бұлай болады деп ойламадым”, – дейді видеодағы әйел. 

Айтуынша, терезені сынықтары оның бетіне тиіп, есінен тандырған. 

“Қатты есеңгіреп қалдым. Ауруханаға бармадық. Қаладағы дәріханаға бет алдық. Бетімдегі әйенектерді өзім шығардым, біреуі табаныма да кіріп кетіпті. Он шақты әйнек болды-ау деймін. Үйге келіп, жарақтарыма дәрі жақтым. Не істерімді білмедім. Сол күні ұйықтай алмай, ертесі жұмыстан қалдым. Менің жақын туыстарым сол күні не болғанын да естімеді”, – дейді ол.

Қазір әйел жағдайы едәуір жақсарғанын жеткізді.

Еске салсақ, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан 15 адам көз жұмып, тағы 98-і түрлі жарақаттар алған. 




Көрілген: 489    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.09.2021, 10:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31