Оқиға

Жамбыл облысындағы короновирус жұқтырғандардың барлығы Қырғызстаннан келген

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Соңғы тәулікте Жамбыл облысында тағы екі коронавирус жағдайы тіркелді. Облыста барлығы 3 науқас анықталып отыр.

 

«Тіркелген үш оқиғаның үшеуі де бір-бірімен байланысы жоқ. Ол азаматтардың барлығы да Қырғызстан Республикасынан келген қазақстандықтар. Бірінші азамат – 1974 жылғы Қордай ауданының тұрғыны, ол Қырғызстан Республикасында болған. Шекерадан өткен соң 1 күндік карантинге алынып, оқшауланды. Сынымалар алынып, нәтижесінде одан коронавирус анықталды. Үшінші науқас та Қордай ауданының тұрғыны. Бұл азамат та Қырғызстаннан келген», - деді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов.

 

Науқастармен тығыз қарым-қатынаста болғандар анықталып, оқшауланды. Індет жұқтырған науқастардың жағдайы бірқалыпты, денсаулықтарына шағым жоқ. Диагнотикалық протоколға сәйкес ем жүргізілуде.

 

24.kz

 




Көрілген: 660    Пікірлер: 0

жұма, 27.03.2020, 13:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31