Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жамбыл облысының тұрғыны бақшасында қарасора өсірген

13 маусым 2023, 20:11

Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы тұрғын үй ауласынан полицейлер жалпы салмағы 3 келі 520 грамм болатын өсіруге тыйым салынған 41 дана өсімдік тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұсталған адам Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Жамбыл облысына әлеуметтік желі арқылы танысқан әйел үшін көшіп келген.

Оның айтуынша, қарасораны өскен соң кептіріп, өзі тұтыну үшін тұқымын еккен.

«Бұрын есірткі сатқаны үшін сотталған күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабы 1-бөлігімен, яғни, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу, өсіру немесе қарасора, көкнәр, құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деп хабарлады облыстық ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

Полиция подполковнигінің айтуынша, күдіктіге қатысты екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстары жүргізіледі. Болмаса алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектейді, не сол мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Айта кетейік, аймақта Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Бұған дейін Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған тұрғын ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.