Оқиға

Жамбылда ана мен үш айлық шақалақты көлік қағып кетті

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

4 наурыз күні түнде Жамбыл облысының Сарыкемер ауылында жол оқиғасы болды, – деп хабарлайды polisia.kz.

 

BMW мінген 28 жастағы жүргізушісі 44 жастағы әйелді үш айлық баласымен жаяу жүргіншілер жолында қағып кеткен. Ана оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Байзақ аудандық орталық ауруханасына жеткізілген нәресте де ауыр жарақаттан қайтыс болды.

 

Оқиға орнын тексерген мамандар жолдың құрғақ болғанын, көлікте ешқандай ақау шықпағанын анықтады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші алкоголь ішпеген және қан құрамынан есірткі табылмады.

 

Ұсталған азаматтың айтуынша, апатқа әйелі екеуінің арасындағы жанжал себеп болған. Жол үстінде ашуға булыққан жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс арттырғанын мойындап отыр. Алдында келе жатқан көлікті айналып өтуге әрекеттенген ол тізгінге ие бола алмай, жолындағы жүргіншіні қағып кеткен.

 

Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші өз кінәсін толық мойындады. Өзі Тараз қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалып, көлігі арнайы тұраққа қойылды.

 




Көрілген: 600    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.03.2020, 12:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31