Оқиға

Жамбылда екі көлік бір отар қойды таптап кеткен

  • https://www.ktk.kz

    https://www.ktk.kz

Жамбыл облысындағы жол апаты жұрттың зәре-құтын қашырды. Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізімен жүйткіген екі көлік бір отар қойды таптап өткен. Екі адам жарақат алса, 30-ға жуық шопан ата тұқымы қырылып қалды.

 

Жолдың үсті қанға боялған. Айнала тола мал өлекселері. Арасында шала-жансар жатқаны да бар.

 

Куәгерлердің сөзінше, бұл жағдайдан кейін уақытша көлік қозғалысы тежелген.

 

Ал полицейлердің мәліметінше, жол үстіндегі қойшы мен отар қойды алдымен «Фольксваген Пассат» басып өткен. Ол аздай, жеңіл машинаның артынан жүк көлігі бар екпінімен келіп соққан.

 

Оқиға орнында отызға жуық ұсақ мал мен шопанның жылқысы өлді. Бақташы аман қалды. Бірақ оның да, жеңіл көлік жүргізушісінің де түрлі дене жарақаты бар. Сондықтан екеуі де Тараз қалалық ауруханасына жатқызылған.

 

Қазір кінәліні анықтауға тексеріс жүріп жатыр.

 

ktk.kz

 




Көрілген: 172    Пікірлер: 0

сенбі, 01.02.2020, 10:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30