Оқиға

Жамбылда имам досын пышақтап, артынша өзі асылып қалды

  • https://brestcity.com

    https://brestcity.com

Жамбыл облысына қарасты Бесағаш ауылында 15 жылғы тәжірибесі бар имам жақын досын пышақтап тастаған.


Қанды оқиға 51 жастағы азаматтың қорасында орын алған. Имам досын пышақтап өлітіріп, артынша өзі де асылып қалған.


"51 жастағы азамат ас бөлмесіндегі пышағын алып шығып, көршісіне пышақ салып, соңғысы оқиға орнында қаза болған. 51 жастағы азамат көршісінің қаза болғанына көзі жетіп, ауланың аяқ жағына барып, жіпке асылып өлген", - дейді Жамбыл аудандық ПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Дәулетжан Бектембаев.


Екі құрдастың арасындағы жанжал имамның әйелі үшін туындаған деген болжам бар.


Алайда, діндар кісінің әрекетінің себебі әлі анықталмады. Имамның артында үш баласы қалды, ал досы бойдақ болып шыққан. Қазіргі таңда бұл деректерге байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп, қанды қылмыстың мән-жайы анықталуда.


"Келіспеушілік екеуінің арасында болып отыр ғой. Мына жақтағы Қанат деген жігіт бойдақ, мынау үйленген, үш баласы бар. Айтып отырмын ғой, ол ызақор. Арасына біреулер кірді ме, әйтеуір, сондай болыпты. Оның нақтысын білмейміз енді", - дейді ауыл тұрғыны Сағидолла Сатыбалдиев.


 ktk.kz




Көрілген: 554    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.08.2019, 09:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30