Оқиға

Жамбылда полицей әйелді көлігімен қағып, мерт қылды

  • https://www.kt.kz/

    https://www.kt.kz/

Жамбыл облысы Шу қаласында 25 жастағы полиция қызметкері көлігімен әйелді қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Шу аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты қараңғы уақытта жаяу жүргіншілерге арналмаған жолдан өтпек болған аудан тұрғынын &ndash 48 жастағы әйелді автокөлігімен қағып кеткен.

 

Жаяу жүргіншінің сол уақытта жақын маңдағы кафеден шыққаны анықталды.

 

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, барлық бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынып, сараптамалар кешені тағайындалды», - делінген хабарламада.

 

Сонымен қатар, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, 25 жастағы полицейдің ішімдік ішпегені және есірткі заттарын тұтынбағаны анықталды.

 

 

 




Көрілген: 298    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.01.2021, 08:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31