Жамбылда із-түзсіз жоғалған сарбаз бірнеше күннен бері табылмай жатыр

09 наурыз 2022, 18:06

Жамбыл облысында із-түзсіз жоғалып кеткен сарбаздың жақындары оны іздеуге Қызылордадан арнайы келді. Қазіргі таңда 50-ден астам адам 4 топқа бөлініп, таулы аймақтарды тінтіп жүр. Бұл туралы Halyq Uni басылымына сілтеме жасаған Azattyq Rýhy хабарлайды, - деп жазады Alashainasy.kz тілшісі.

Айта кетейік, Меркі шекара қызметінің Андас батыр бөлімінде борышын өтеп жүрген Ұлықбек Бердішев осыдан бір апта бұрын ізім-ғайым жоғалып кеткен еді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл дерек бойынша бүгінгі күні тергеу жұмыстары мен қызметтік тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді.

 

«Балаларыңызды әскерге жібермеңіздер. Өйткені ол жерде жағдай жасалмаған, - дейді сарбаздың анасы Орынкүл Мерекова.

 

Ұшты-күйлі жоғалған сарбаз – Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тумасы. Жас жауынгерді соңғы рет әскер қатарында жүрген Ердос Мырзағалиев көрген. Оның айтуынша, Ұлықбек 2 наурыз күні әскери бөлімдегі атқораны тазалап жүрген.

 

Ұлықбек – үйінің тұла бойы тұңғышы. Ол 2021 жылы 10 қыркүйекте әскери борышын өтеуге аттанған. Сол уақыттан бері Ұлықбек азаматтық міндетін абыроймен атқарып келген.