Оқиға

ЖАҢА АХУАЛДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН 40-ТАН АСТАМ ЕЛ ӨКІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАДЫ

  • ЖАҢА АХУАЛДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН 40-ТАН АСТАМ ЕЛ ӨКІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАДЫ

    ЖАҢА АХУАЛДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН 40-ТАН АСТАМ ЕЛ ӨКІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін Астана мемлекеттік қызмет хабының «Мемлекеттік қызметтің дамуы және ынтымақтастық» жылдық конференциясының ашылуы өтті. Оған әлемнің 40-тан астам елінен мемлекеттік қызмет уәкілетті органдары басшылары, сарапшылар, ғалымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты. Конференция 27-29 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында оффлайн және онлайн форматында өтуде.

Конференция Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов, ҚРМемлекеттік қызмет агенттігі төрағасы Анар Жаилғанова, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Якуп Бериш, ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік басқару директоратының басшысы Эльза Пиличовски, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі Ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Стейнбек Мадсен, Дүниежүзілік БанктҚазақстандағы өңірлік менеджері Жан-Франсуа Марто, ҚРСІМ департамент директоры Дидар Теменовтің кіріспе сөзімен ашылды.

Алихан Байменов жаңа ахуалдағы бір жарым жыл ішінде үкіметтер біршама тәжірибе жинақтағанын, сонымен бірге кейбір тағылымдар туралы да айтуға болатынын атап өтті. «Біріншіден, дағдарыс жағдайында тез шешім қабылдау қажеттілігі үкіметтердің есеп берушілігі мен ашықтығына тежеу болмау керек. Екіншіден, пандемия жеделдеткен мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмеуі тиіс. Үшіншіден, Интернет пен әлеуметтік желілерге қолжетімділік халықаралық құқықпен қорғалып, адамның ажырағысыз құқықтары ретінде танылуға тиіс». «Мұның бәрі «жылдам жеңістер» мен стратегиялық мақсаттар арасында теңгерімнің болу маңыздылығын көрсетеді», – деп түйіндеді ол. Сонымен қатар, Байменов мырза осы тұрғыда үздіксіз білім мен тәжірибе алмасудың маңызы артып келе жатқанын атап өтті.

Анар Жаилғанова: «Биылғы конференцияның тақырыбы осы кезеңде біз сезініп отырған байланыстар мен коммуникацияларды нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі трансформациялау мақсатында жаңа идеялар, тәсілдер мен шешімдер тудыратын неғұрлым тығыз өзара іс-қимылға деген қажеттілікті барынша жақсы көрсетеді», – деді.

 

«Кәсіби идеялар мен тұжырымдар» атты арнайы сессияда халықаралық сарапшылар мен практиктер пандемиядан кейінгі кезеңдегі мемлекеттік басқарудың болашағын талқылады. Осы сессияның спикерлері – БҰҰ Бас хатшысы орынбасары, БҰҰ Халықаралық мемлекеттік қызмет жөніндегі комиссия төрағасы Ларби Джакта, Грузияның бұрынғы вице-премьер-минстрі Майя Цкитишвили, ЭЫДҰ-ның Парақорлықпен күрес жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Драго Кош және басқалар.

Конференция аясында Астана хабы жүзеге асырылатын бірқатар жаңа жобалар таныстырылы өтті:

 Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі және Ұлттық ақпараттық қоғам агенттігімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Мемлекеттік басқарудағы және мемлекеттік қызметтерді көрсетуді цифрландырудағы инновациялар үшін әлеуетті нығайту» өңірлік жобасы;
 «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-мен бірлесіп іске асырылып жатқан Мемлекеттік басқарудағы инновацияларды акселерациялау зертханасы;
 Мемлекеттік сектордағы өтемақы жүйелеріне салыстырмалы шолу нәтижелері;
 «Посткеңестік он бес елдегі мемлекеттік басқару эволюциясы: трансформация алуандығы» атты жаңа кітапбойынша брифинг.

Хабтың 80-нен астам институционалдық әріптестері бар, сондықтан 28 және 29 қазандағы конференция Хабтың әріптестермен бірлескен панельдік сессиялармен жалғасады.

Конференцияның екінші күні Тұрақты Даму Мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу үшін мемлекеттік басқаруды реформалаудағы өзгерістер БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті (UN DESA) және Қазақстандағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлескен семинар өтеді. Сонымен қатар, Қазақстанның Мемлекеттік қызмет агенттігі және HR-менеджерлер қауымдастығымен бірлескен сессияда ішкі коммуникациялардың рөлі мен мемлекеттік қызметтің жұмыс беруші ретіндегі бренді талқыланады. Украинаның Мемлекеттік қызмет агенттігінің басшысы Наталья Алюшина, ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігі аппарат басшысы Ринат Мұхаметқалиев, Бельгия мен Өзбекстанның мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органдары өкілдері өзтәжірибесімен бөліседі.

Конференцияның үшінші күні мемлекеттік қызметттерді көрсетуді цифрландыру мен инновациялар мәселесі қарастырылады, оның аясында екі іс-шара өткізіледі:

• «Мемлекеттік қызметтерді ұсынудағы цифрландыру» тақырыбында Қазақстанның Мемлекеттік қызмет агенттігі, Корея Республикасының Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі және «Зерде» АҚ-мен бірлескен панельдік сессия. Осы сессия шеңберінде бенчмарк және өңірдің көптеген елдері үшін ерекше құнды болып табылатын цифрлық үкіметті құрудағы Оңтүстік Корея мен Эстонияның тәжірибесі таныстырылады;
• «ТДМ дәуірінде мемлекеттік қызметтерді ұсыну» тақырыбында UNOSSC және инновациялар бойынша Оңтүстік-Оңтүстік желісімен (SSN4PSI) бірлескен семинар.
 

2013 жылы Қазақстан Үкіметі мен БҰҰДБ бастамасымен құрылған Астана мемлекеттік қызмет хабы бүгінгі таңда 42 қатысушы ел мен 80 институционалдық әріптесті қамтиды. Хаб – қатысушы елдердің қажеттіліктеріне жауап беретін икемді күн тәртібі бар мемлекеттік қызмет саласында тәжірибе мен білім алмасу жөніндегі институционалдық платформа.

Толығырақ ақпаратты Астана мемлекеттік қызмет хабының сайтында танысуға болады: https://www.astanacivilservicehub.org/




Көрілген: 796    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 19:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30